Құқық бұзушылықтың алдын алудағы колледж студенттерінің мекен жайы бойынша мобильдік топтың атқарған жұмысы

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен колледж жанынан 16.02.21 №45 бұйрық негізінде мобильдік топ құрылып колледж топ жетекшілері, ө/о шеберлерімен бірге студенттердің тұрмыстық үй жағдайын тексеру, құқықбұзушылықтың алдын алу, сабаққа қатысуы мен үй тапсырмасын орындауын анықтау мақсатында наурыз-сәуір айларында мекен жайы бойынша рейд ұйымдастырылды. 

«Психикалық денсаулығын және суицидтік мінез-құлық қаупін анықтау» диагностикасы

І курстың 121К, 123К, 123КЕ, 126К топ студенттерімен жаңа ортаға бейімделу, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын дамыту тренингі және студенттердің «Психикалық денсаулығын және суицидтік мінез-құлық қаупін анықтау» диагностикасы ұйымдастырылды.

«Қыздар, сырласайық!», «Между нами девочками» тақырыбында сыр-сұхбат

29.01.2021 жылы Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде І курста оқитын қыздар арасында «Қыздар, сырласайық!», «Между нами девочками» тақырыбында сыр-сұхбат өтті. Сыр-сұхбаттың мақсаты: Елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.

«Кәмелеттік жасқа толмағандардың ҚР әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында дәріс

Батыс Қазақстан индустриалды колледж тәрбие бөлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу жоспары бойынша кәмелеттік жасқа толмаған студенттер арасында 11.12.2020  күні «Кәмелеттік жасқа толмағандардың ҚР әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында санитарлық нормаларға сай, ара қашықтықты сақтай отырып машықта жүрген ІІ курс студенттерімен құқықтық дәріс өтті.

«Почему подростки совершают преступление» тақырыбында тәрбие сағаты

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі тәрбие жұмысының жоспарына сай 121РЕ тобында «Почему подростки совершают преступление» тақырыбында тәрбие сағаты онлайн конференция Zoom бағдарламасы платформасында және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне байланысты Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ілгерілету» іс-шаралар жоспарына сай «Біл ел, бір тағдыр» тақырыбында 121КС тобының тәрбие сағаты санитарлық нормаларға сай арақашықтықты сақтай отырып, колледждің оқу аудиториясында өтті.

«Жасөспірімдер мен жеткіншектердің психикалық денсаулығы», «Әр жанұяға психикалық денсаулық!» тақырыбыптарында  онлайн кеңес

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі 10 қазан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған жоспар құрылып, 09 қазан күні сағат 11:00-де, 14:30-да 1-2 курс студенттерімен және ата-аналармен Zoom конференция чаты парақшасында әлеуметтік-психологиялық мәселелер бойынша ата-аналар және студенттермен кездесуде «Жасөспірімдер мен жеткіншектердің психикалық денсаулығы», «Әр жанұяға психикалық денсаулық!» тақырыбыптарында презентация бойынша директордың ТЖЖ орынбасары Г.Кабулова, педагог-психолог Р.Курмашева ақпарат беріп, онлайн кеңес ұйымдастырылды. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыда студенттер және ата –аналардың сұрақтарына колледждің  әлеуметтік педагогы А.Тулеугалиевадан жауап ала алды.  

Рейд ұйымдастырылды

2020-2021 жаңа оқу жылында Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің тәрбие бөлімі, топ жетекшілері және ө/о шеберлерімен бірге қашықтықтан білім алып жатқан студенттердің тұрмыстық үй жағдайын тексеру, сабаққа мониторинг бойынша қатысуын, үй тапсырмасын орындауын анықтау мақсатында қыркүйек айының 14-23  күндері аралығында  мекен жайы бойынша рейд ұйымдастырды.

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz