«Жас оқытушыларға арналған психологиялық сағат»

Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде жас мамандарға ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Жас оқытушыларға арналған психологиялық сағат»  өтті.

Жоспарға сәйкес «Топтың көзімен мен қандаймын?”, «Ұжымдағы психологиялық қарым-қатынас ерекшеліктері», «Интонация», «Айна» жаттығулары, «Психологиялық жасыңыз нешеде?» әдістемелік жаттығу, «Күн нұрында» - мамандықтың жағымды-жағымсыз жақтарын анықтау, шешімін табу (жаттығу), «Тез-ойлан!» (топтық  ой-талқы), Стреске қарсы әдіс-тәсілдер, «Ұжымдағы психологиялық климат» (тест), «Сәттілікке мүмкіндік», «Сурет терапиясы», «Музыка терапиясы» атты қызықты тренигтермен жалғасты. Оқытушылармен кері байланыс орнатып, өз алғыстарын білдірді. Ұжымда оқытушылармен, студенттермен психологиялық тренинг, брейнсторм, тимбилдинг өткізу дәстүрлі және қашықтықтықтан оқыту кезінде де, өз жалғасын табады.

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz