«Ақжайық жастары» волонтерлік корпусымен онлайн кездесу

Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің Жастар ісі комитет мүшелері 121 К, 126 К топ студенттерімен  ZOOM платформасы арқылы «Ақжайық жастары» волонтерлік корпусымен онлайн кездесу өтті.

Шараның мақсаты: әлеуметтік белсенділіктің түрлерімен таныстыру арқылы жастардың өздерін әлеуметтік дамыту, қоғам пайдасы үшін өз еркімен жұмыс жасау идеясын насихаттау арқылы жастарда адамгершілік қасиеттерді дамыту және әлеуметтік, экологиялық, гуманитарлық, мәдениет, білім беру ағартушылық және т.б. жобалар мен бағдарламаларға қатыстыру арқылы әлеуметтік маңызы бар мәселелердің шешімін табуға жастарды тарту. Шара барысында студенттер сұрақтар қойып, еріктілер қатарына қосылуға ниет білдірді.

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz