«Бастау» коворкинг орталығында барлық оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларының қатысуымен шара өтті

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен 3 ақпан күні «Бастау» коворкинг орталығында  барлық оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларының қатысуымен шара өтті.

Шара барысында Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы М.Нүркен 2021 жылғы атқарылатын  іс-шаралар жоспарымен таныстырды. «Жалын» колледж студенттері штабының жоспарынан әр колледжде сол жоспарға сай шара өткізу тапсырылды. Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің педагог-ұйымдастырушысы М.Құрмашева «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» тақырыбындағы ойымен бөлісіп, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шарасын өткізуді жоспарлауда екендігін атап өтті.

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz