Жастар ісі жөніндегі комитеті

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Жастар – кез-келген қоғамның ең құнды әрі әмбебап қоры, сондай- ақ сол ел дамуының негізі болып саналады. Колледжде жастар саясатының дамуы - тәрбиелік жұмыстың басты бағыттарының бірі. Осы бағыттағы негізгі жұмыс атқарушы бөлімше – «Жастар» ісі комитеті.

Жастар ісі жөніндегі Комитет (әрі қарай – ЖІК) - бұл «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК студенттерін біріктіретін, осы Ереже, колледж Жарғысы негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әрекет ететін өзін - өзі басқару органы.

Колледждің ЖІК қызметінде заңдылық, жариялылық, ашықтық, өзін-өзі басқару және еріктілік принциптерін басшылыққа алады.

Өз мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін ЖІК колледждің барлық бөлімшелерімен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

ЖІК күнделікті жұмысын директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары үйлестіреді.

ЖІК міндеттері:

- Колледжде оқу-тәрбие процесін жетілдіруге қатысу, студенттердің тәртіптік сақтау, сабаққа қатысуы мен үлгерімін арттыру.

- Азаматтық - патриоттық, құқықтық тәрбиені арттыру.

- Студенттердің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету.

- Студенттердің салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау;

- Студенттік ұжымдарда шығармашылық, өзара көмек жағдайын қалыптастыру.

- Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу.

- Олимпиадалар мен ғылыми конференцияларды ұйымдастыруға қатысу.

- Әртүрлі байқаулар мен конкурстарды ұйымдастыруға қатысу.

- Волонтерлік қозғалыстарға және қайырымдылық акцияларға қатысу.

- Жастар саясатын жүзеге асыру және мәселелерін уақытында шешу бойынша жоғары тұрған инстанциялармен, жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.

ЖІК құқығы

- Колледж жастарының мәселелері бойынша жиналыстардың, кеңестердің жұмысына қатысу.

- Білім алушыларды материалдық және моральдық көтермелеу немесе тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы өтініш жасау.

- ЖІК құзыретіне жататын оқу-тәрбие және ұйымдастыру іс-шараларын өткізу мәселелері және басқа да мәселелер бойынша колледж әкімшілігімен және ата-аналар комитетімен өзара іс - қимыл жасау.

- Колледждің педагогикалық кеңесіне ұсыныстар енгізу.

ЖІК қызметін ұйымдастыру

- Жастар ісі жөніндегі комитетке әр топтардан сайланған білім алушылар кіреді (әр топтан 2 адам).

- Жастар ісі жөніндегі Комитет өз құрамынан төраға мен оның орынбасарын сайлайды; міндеттер мен тапсырмаларды бөледі.

- Бөлімнің ЖІК төрағасы Жастар ісі жөніндегі комитеттің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын жасайды.

- Төраға жыл сайын білім алушылардың жалпы жиналысы алдында есеп береді.

- ЖІК отырысы жылына айына 1 рет жоспарлы түрде өткізіледі

- ЖІК отырысы хаттамамен ресімделеді.

- ЖІК шешімдері колледждің барлық студенттері үшін міндетті.

ЖІК құрамы

- ЖІК жетекшісі

- Студенттердің өзін – өзі басқару ұйымы.

- топ старосталары.

Сектор басшылары ЖІК отырыстарында жылына 2 рет есеп береді.
Студенттермен жұмысты жастар ісі жөніндегі комитеті Құрмашева Мөлдір Тайырқызы ұйымдастырады.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмыс жоспары

Іс – шара атауы

Мерзімі

Жауапты

1.

Жастар ісі комитетінің жалпы жиналысы

ЖІК төрағасын сайлау.

Жастар комитетінің құрамын бекіту.

Қыркүйек

Директордың ТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы - педагог

Жастар комитеті

2.

Жастар ісі комитетінің отырысы

Ай сайын

Директордың ТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы - педагог

Жастар комитеті

3.

Қаланың мәдени-көпшілік іс-шараларына қатысу

Жыл бойы

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

4.

Облыстың, қаланың жастар ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасау (Жас отан жастар қанаты, Жасыл ел, Студенттер Альянсы, Жастар шығармашылық орталығы, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы т.б.)

Жыл бойы

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

5.

ІІ,ІІІ курстар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» онлайн сурет байқауы

қазан

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

6.

Жоспар бойынша спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге көмек

Жоспар бойынша

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы
Спорт сектор, СӨС секторы

7.

Дәлелді себептерсіз сабақты өткізетін студенттермен жұмыс жүргізу

Жыл бойы

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы
Оқу секторы

8.

Сыбайлас жемқорлық және бағдарламалық материалды беру мазмұны мәселелері бойынша білім алушыларға жасырын сұрау салуды ұйымдастыру

«Таза сессия» жемқорлықтың алдын алу акциясы

Семестрде 1 рет

Ұйымдастырушы - педагог

Төраға орынбасары,
оқу секторы

9.

"Қамқорлық" акцияларын өткізу

Ардагерлердің үйіне барып көмектесу

Жыл бойы

қаңтар

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы
Волонтер қозғалысының секторы

10.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектормен кездесулер ұйымдастыру, құқықтық сауаттылық бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу

«Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында студенттер арасында құқық қорғау мекемелерімен кездесулер өткізу

Жыл бойы

Ақпан

Ұйымдастырушы - педагог

Төраға орынбасары

11.

Медицина қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру

Жыл бойы

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

12.

Жастар комитетінің атқарған іс – шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, колледж сайтында жариялау

Жыл бойы

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

13.

Колледждің сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуге көмек көрсету

Жыл бойы

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

14.

«Қыздар» клубының жұмысын ұйымдастыру

Қыздар жиналысын өткізу

Жыл бойы

Ұйымдастырушы - педагог

Жастар комитеті
Колледж медбикесі

15.

«Әкелер мектебінің» жұмысын ұйымдастыру

Жыл бойы

Ұйымдастырушы - педагог

Жастар комитеті

16.

«22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдері күні мерекесіне арналған шара

Қыркүйек

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

17.

1 – қазан Қариялар күніне орай

«Қариялар, кең пейіл дариялар»

қайырымдылық акциясы.

Қазан

Ұйымдастырушы - педагог
Волонтер қозғалысының секторы

18.

5 – қазан Ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстазым – ұлы тұлға» шарасын ұйымдастыру.

Қазан

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

19.

17-қараша Халықаралық студенттер күніне орай белсенді студенттерді марапаттау

қараша

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

20.

1 – желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне орай дөңгелек стол.

Желтоқсан

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

21.

«Тәуелсіздік – тұғырым» тәрбие сағаты

Желтоқсан

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

22.

Жаңа жыл мерекесіне орай студенттерге арналған (онлайн құттықтау)

Желтоқсан

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

23.

«Қ.Р.Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған» шаңғымен жүріп өту эстафетасы (І курстар арасында)

қаңтар

Ұйымдастырушы - педагог

24.

8 наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастыру.

Наурыз

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

25.

22 наурыз "Ұлыстың Ұлы күні" мерекесіне орай мерекелік шара.

Наурыз

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

26.

Күлкі күніне орай КТК ойындарын ұйымдастыру

Сәуір

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

27.

«Менің таңдауым – салауатты өмір!» атты акция ұйымдастыру

Сәуір

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

28.

«Мамандығым мақтанышым» топ аралық (2,3 курс) сурет байқауы

Ақпан

Ұйымдастырушы - педагог

29.

1 мамыр
"Қазақстан Халқының бірлігі күніне" орай мерекелік іс-шара өткізу.

Мамыр

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

30.

9 мамыр
"Ұлы Жеңіс" күніне байланысты

«Ешкімде, ешқашан ұмытылмайды!» топ аралық әскери- патриоттық шеру

Мамыр

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

31.

«Жақсылық жасауға кешікпе!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру

 

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы, еріктілер

32.

Бітіруші түлектерге арналған мерекелік кеш ұйымдастыру.

Маусым

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

33.

Жас түлектерге диплом тапсыру салтанаты кешін ұйымдастыру және өткізу.

Маусым

Ұйымдастырушы - педагог

ЖІК төрағасы

 

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі «Жалын» жастар штабының жұмыс жоспары

Іс – шара атауы

Мерзімі

Жауапты

1.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арналған

«Шаңғы жарысы және Эстафета» спорттық шара

Қаңтар, 2021ж

Ұйымдастырушы – педагог

Құрмашева М.Т.

2.

«Жақсылық жасауға кешікпе!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру

Ардагерлердің үйлеріне барып көмек беру

Ақпан,2021 ж

Ұйымдастырушы - педагог

Құрмашева М.Т.

3.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектормен кездесу

Наурыз,2021ж

Ұйымдастырушы - педагог

Құрмашева М.Т.

4.

Парасаттылық мектебі. Психологиялық тренинг.

Сәуір,2021ж

Ұйымдастырушы - педагог

Құрмашева М.Т.

5.

«Мамандығым-мақтанышым» колледж студенттері арасында сурет байқауы

Мамыр, 2021ж

Ұйымдастырушы - педагог

Құрмашева М.Т.

 

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz