"Мейірімділік акциясы"

Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің «Өзін-өзі басқару» белсенділері «Аналар үйінде» тұратын қиын жағдайға тап болған жас аналар, кішкентай балаларға «Мейірімділік акциясы» аясында киім-кешектер, аяқ киімдер, ойыншықтар жеткізіліп табысталды.

«Жастар ресурстық орталығының» кеңесші мамандарымен онлайн кездесу өтті

Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің «Өзін-өзі басқару» мүшелерімен «Жастар ресурстық орталығының» кеңесші мамандары «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында онлайн Зум платформасында кездесу өтті.

«Көңіл-күйдің, сан қырлы сырлары» атты тренингі

10 ақпанда Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің педагог-ұйымдастырушысы М.Т.Құрмашева 123 КЕ тобының студенттерімен «Көңіл - күйдің, сан қырлы сырлары» атты тренингін өткізді. Тренинг мақсаты - студенттердің көңіл күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, сыйластық қарым-қатынас орнату.

«Бастау» коворкинг орталығында  барлық оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларының қатысуымен шара өтті

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен 3 ақпан күні «Бастау» коворкинг орталығында  барлық оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларының қатысуымен шара өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды

Батыс Қазақстан индустриалды колледжінен 10.12.2020ж.- 08.01.2021ж. аралығында  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының сайлауында  белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлестері үшін колледж  ұйымдастыру-педагогы М.Т.Құрмашева және 323 К топ студенті «Топ 100», ҚР Тұңғыш Президентінің «Үздік волонтер» марапатының иегері, белсенді студент Н.Исентаев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. 

Шаңғы жарысы эстафетасы өткізілді

Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің педагог ұйымдастырушысы және дене тәрбиесі оқытушыларының ұйымдастырумен қаңтар айында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арналып өткізілген шаңғы жарысы эстафетасына 1 курс студенттері белсенділік танытып қатысты. 2000м. шаңғымен жүріп өту эстафетасынан 124 ТКС тобы І орын,  121 РЕ тобы ІІ орын, 123 К тобы ІІІ орын иеленді. Қалған топтар белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz