Талапкерлерге арналған әңгімелесу сұрақтарының үлгісі Әңгімелесу сұрақтары

1. Неге сіз осы мамандықты таңдадыңыз?
2. Бұл мамандық туралы не білесіз?
3. Мектеп қабырғасында қандай пәндерді сүйіп оқыдыңыз?
4. Сіз болашағыңызда мамандықты меңгергеннен кейін қалай елестетесіз?
5. Немен айналысқанды жақсы көресіз (ән, би, сурет салу, қолөнер, спорт ойындары, т.б.) Қандай үйірмелерге қатыстыңыз?
6. Мектепте оқығанда сынып жетекшісімен, мектеп әкімшілігімен мәселелер туындады ма?
7.Сіздің қатысуыңызбен сыныпта жанжалды жағдайлар болды ма?
8.Мектепте сабақты жиі қалдырдыңыз ба?
9.Мектепте физика және математика пәндерінен бағаларыңыз қандай? «Қанағаттанарлық» баға қойылған себебі? (бағдарлама күрделі болғандықтан ; сабаққа қатыспағандықтан; т.б.)
10.Біздің колледж туралы мәлімет қайдан немесе кімнен немесе қайдан алдыңыз?
11. Осы мамандықты өзің таңдадың ба, әлде басқа адамдардың ықпалы болды ма?
12. Жанұяңда немесе өзіңе жақын адамдардың арасында осы мамандық бойынша жұмыс жасайтын адам бар ма?
13. Болашақта осы мамандық бойынша өзіңнің жеке кәсібіңді ашуды жоспарлайсың ба?
14. Байқауларға қатыстыңызба, қандай жүлделі орындарға ие болдыңыз?
15. Техника қауіпсіздігідегенді қалай түсінесіз?
16. Демалыс уақытында ата-анаңызға көмектесу үшін жұмыс жасадыңыз ба?
17. Бос уақытыңызда немен шұғылданғанды ұнатасыз?
18. Көркем әдебиеттерді оқисыз ба?
19. Сіз болашағыңызды диплом алғаннан кейінгі 3-5 жылды қалай елестетесіз?
20. Болашақта осы мамандықтан басқа, қандай қосымша мамандық таңдар едіңіз?
21. Қоғамдық жұмыстарға (сенбілік, қоғамдық шаралар, т.б.) қатынасуға қалай қарайсыз?
22. Өзіңді қысқаша сипаттап берсеңіз?
23. Болашақта маман ретінде қандай жоспарың бар?
24. Осы таңдаған мамандықты меңгеру қаншалықты қиын деп ойлайсың?
25. Колледж әкімшілігіне немесе педагогикалық ұжымына қояр сұрағыңыз?

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz