Құжаттарды қалай тапысыруға болады?
Колледжге құжаттар онлайн форматта қабылданады.
1. Электронды үкімет порталында талапкердің электронды-цифрлы қолтаңбасы (егер талапкер ЭЦҚ алу жасына жетпесе ата-анасы немесе қамқоршысы) арқылы жүргізіледі:
- egov.kz адресі бойынша электронды үкімет порталына кіресіз.
- Білім бөлімін таңдайсыз.
- Жоғарғы және кәсіби білім бөлімін таңдайсыз.
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау қызметін таңдап, құжаттарды тапсырасыз.
2. College SmartNation платформасының мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталы арқылы ( https://college.snation.kz/kz/zko).
College SmartNation арқылы тапсырудың видео нұсқамасы
(https://www.youtube.com/watch?v=Lm7nLE4aF9k).
Мамандықтар туралы қайдан білуге болады?
Батыс Қазақстан индустриалды колледжі 9 және 11 сыныптардан кейін төмендегі мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылдайды (http://indcollege.kz/kz/to-applicants).
Zoom Қосымшасы арқылы онлайн кеңес алу
Идентификатор: 769 508 29253
Пароль: zkik2020
Қосымша сұрақтар бойынша: +7 702 970 6363 номеріне жазыңыз