previous arrow
next arrow
Slider

Біз туралы

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі 1940 жылы 2 қазанда құрылды және №6 ФЗО деп аталды. Алғашқы түлектер оқу орнын 1941 жылы бiтiрiп шықты. Колледж өткен ғасырдың 40-50-ші жылдары моторшы, кеме қолөнерші, кеме ағаш шебері, матрос, рулевой, радиомеханик, токарь, фрезерлеуші, темір ұстасы мамандықтары бойынша Орал өзені флотына жұмысшы кадрларын даярлады. 60-шы жылдардан қаламыздағы зауыттарға, байланыс және коммуналды шаруашылық кәсіпорындарына жұмысшы кадрларын даярлауды бастады. Колледж 2004 жылы аймақтың машина құрастыру саласына, байланыс және коммуналды шаруашылық кәсіпорындарына жоғары білікті мамандар даярлау бойынша тірек оқу орны болып анықталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы аықталды. Ұлт жоспарының 77-қадамында экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату қарастырылған.

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ҚР БжҒМ (18.02.2015ж. №69) бұйрығымен Батыс Қазақстан индустриалды колледж он жетекші колледж қатарына қосылды.

«Кәсіпқор» холдингінің серіктес колледжі ретінде машина құрасытру және энергетика саласындағы кәсіпорындарына заманауи білім беру бағдарламасын енгізу боuйынша базалық оқу орны болып анықталды.

Жаңалықтар

«WorldSkills Kazakhstan ORAL – 2021» өңірлік чемпионаты өтті

Білім басқармасының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 10-22 маусым аралығында  «WorldSkills Kazakhstan ORAL – 2021» өңірлік чемпионаты өтті.  «WorldSkills Kazakhstan ORAL – 2021» өңірлік чемпионатына колледжіміздің командасы 6 құзыреттілік: «Дәнекерлеу технологиялары», «Электр монтаждау», «Ақпараттық кабельдік желілер», «CAD инженерлік графикасы», «Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарлық жұмыстар», «Сантехник және жылыту» бойынша қатысты.

Подробнее...

Орал қаласының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылып жүргізілуде.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тәрбие жоспары бойынша жатақханада туратын колледж студенттерімен "Туған өлкем, қандай көркем!" акциясы аясында Орал қаласының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылып жүргізілуде.

"Алғашқы көмек көрсету" тақырыбында тренинг курсын ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің 1,2,3 курс студенттеріне "ҚР Қызыл ай қоғамы" Қоғамдық бірлестігінің директоры С.В.Тенишева "Алғашқы көмек көрсету" тақырыбында тренинг курсын ұйымдастырды.

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталық маманы Умбетова Г.К қатысуымен кездесу өтті

2021 жылдың 12 қазан  күні тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес  Батыс Қазақстан индустриалды колледжі студенттеріне, жастар арасында АИТВ/ЖИТС–тің алдын алуы мақсатында «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталық маманы Умбетова Г.К қатысуымен кездесу өтті.

Барлық жаңалықтар

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz